Оралда газ жарылысынан күйік шалған жігіттің біреуі қайтыс болды
asiasupply.kz
2002 жылғы жігіт жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралда газ жарылысынан күйік шалған жігіттің біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 21 жастағы жігіт бүгін таңмен ауруханада көз жұмды.
«2002 жылғы жігіт жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. 21 жастағы үшінші жігіт хирургиялық бөлімшеде, жағдайы орташа ауыр деңгейде», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, зардап шеккендердің бәрі де Тәжікстаннан келіп, сол үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар көрінеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үйде газ жарылып, үш адамның ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41