Балқаш маңында ұшақ құлады
© CC0 / Christian Georg
Әуе кемесі бортында бір экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында Балқаш маңында жеңіл моторлы чартерлік ұшақ құлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, ұшақ аспанға көтерілу кезінде аударылып кеткен.
«17 қазанда Cessna 182 әуе кемесімен чартерлік рейс орындалған. Сағат 11:15-те Қарағанды брифингіне командир хабарламасы жетті. Ұшақ аударылып кеткен», – делінген министрлік хабарламасында.
Әуе кемесі бортында бір экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған.
Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке жүгінбеген.
Ұшақ толықтай қирағаны хабарланып отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37