Алматыда Құлжа күре жолы түнгі уақытта жабылады

Almaty.tv
Almaty.tv

Жолдың бөлігін 4-тен 6 жолаққа дейін кеңейту көзделген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Құлжа күре жолының жаңартылған аумағында қозғалыс түнгі уақытта жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейін Құлжа күре жолын жаңарту жұмыстары жалғасып отыр. Бұл жұмыс аясында жолдың бөлігін 4-тен 6 жолаққа дейін кеңейту көзделген.

Жұмыс кезінде учаскеде екі бағыт бойынша екі бағытты қозғалыс болды. Алайда шілдедегі жаңбырлы ауа райына байланысты жұмыс кестесі бұзылды. Жол бойындағы жұмыстар тамыздың соңына дейін аяқтау мақсатында түнгі уақытта қосымша қозғалысқа шектеу енгізіледі.

17-22 тамыз аралығында қозғалыс түнгі уақытта Бұқтырма көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі учаскеде (қалаға қарай) жабылады.

Бұқтырма және Майлин көшелерімен солтүстік бағытта айналып өтуге болады. Ал оңтүстік бағытта Бұқтырма және Талғар тас жолы арқылы жүруге рұқсат.

Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында ұзындығы 2,3 км болатын жолды қайта жаңарту көзделген. Бөлу жолағын жою және жол бөлігін кеңейту арқылы әр бағытта 3 жолақтан тұратын жол салынады.

Жол жиектерінде тосқауыл қоршауын, жолды жарықтандыру және су бұру тіректерін орнату қарастырылған. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі жағынан ені 2-3 метрге дейінгі тротуар салынады.

Оқи отырыңыз: Пойыз билетінің бағасы қымбаттайды

Новости партнеров