Оралда пойыз тағы бір адамды қағып кетті
Алдын ала мәлімет бойынша ер адам жабық ми жарақатын алып, миы шайқалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралда пойыз тағы бір ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 11 шілде күні Депо көпірі астында болды.
Жедел жәрдемге сағат 09.17-де қоңырау шалынып, бригада төрт минуттан кейін жетті.
Алдын ала мәлімет бойынша ер адам жабық ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оң аяғы кесілген, сол жақ жіліншігі сынған ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
09.09.2026 18:50
Ауырмаудың жолын іздеңіз: иммунитетті қалай күшейтуге болады
09.09.2026 21:40
Алматыда 7-13 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
09.09.2026 09:14
9 қыркүйекке арналған валюта бағамы
09.09.2026 09:00
Алматыда 400-ге жуық оқушы тоғызқұмалақпен кәсіби түрде айналысады
09.09.2026 20:31