|
27.02.2021 | 17:36
3747

Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылды

Амангелді Тұржанов Жезқазған ауруханасына жеткізіліді

Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылды Фото: zakon.kz

Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Амангелді Тұржанов 20 ақпанда Амангелді ауданында жоғалып кеткен. Ол жылқыларды іздеуге шыққан.

Ауқымды іздеу жұмыстарына елуге жуық адам қатысты: полицейлер, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ, 49 жастағы ер адамды іздеуге 26 ақпанда Нұр-Сұлтаннан тікұшақ жіберілді.

«Жергілікті ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бірінде малшы болып жұмыс істейтін 1971 жылғы ер адам 27 ақпанда сағат 11.30-да Обалы елді мекенінің маңында ұшу кезінде табылған», – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Амангелді Тұржанов Жезқазған ауруханасына жеткізіліді. Дәрігерлер оның жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир