|
29.05.2020 | 16:28
1458

Алматыда заңсыз жұмыс істеп келген ойынханалардың жолы кесілді

Жедел іздестіру шарасы барысында 100 ойын терминалдары мен 216 компьютер тәркіленіп, 28 қылмыстық іс қозғалды

Алматыда заңсыз жұмыс істеп келген ойынханалардың жолы кесілді almaty.tv

Алматыда заңсыз жұмыс істеп келген интернет ойынханалардың жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері 48 заңсыз ойын залдары анықталса, оның біреуі астыртын ойынхана. Жедел іздестіру шарасы барысында 100 ойын терминалдары мен 216 компьютер тәркіленіп, 28 қылмыстық іс қозғалды. 

Сондай-ақ, Тергеу департаментінің мамандары қалалық Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізген шаралары барысында бір электронды ойынхананың да жұмысын тоқтатты. Ол жақтан 50 дана компьютер және көлеңкелі айналымнан түскен 210 мың теңгеден астам ақша тәркіленген. Аталған дерек бойынша еліміздің қылмыстық Кодексінің 307-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир