9 қыркүйекке қараған түні Өзбекстанның Наманган аудандық перзентханасы ауласында екі тірі нәресте табылды. Оларды 1996 және 1997 жылы туған екі ана 2 қыркүйекте босанған, деп хабарлайды Stan.kz centralasian.org сайтына сілтеме жасап.
Ауладан табылған нәрестелер жансақтау бөліміне дереу жеткізілді, бірақ дәрігерлер оларды аман сақтап қала алмады.
Өзбекстан бас прокуратурасының хабарлауынша, оқиға 9 қыркүйекте түнгі сағат 03:30 шамасында болған. Д.Х. есімді әйел баласының аяғында кеміс барын білген, сөйтіп одан құтылуға тырысқан.
Ол перзентхананың екінші қабатының терезесінен туған баласы мен палатада көрші жатқан М.Т. есімді әйелдің жаңа туған қызын да лақтырып жіберген. Нәрестелер ауыр жарақат салдарынан жансақтау бөлімінде мерт болды.
Бас прокуратурасы мәліметі бойынша, Д.Х. өзінің және бөтен біреудің баласын қылмыс ізін жасыру үшін терезеден бірге лақтырған.
«Қасақана кісі өлтіру" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Әйел 15-тен 25 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Күдікті бұған дейін екі рет бала туған, бірақ аурушаң нәрестелердің ғұмыры ұзақ болмаған. Дәрігерлерден жаңа туған сәбиінің де ауру екенін білген ол қатты күйзеліске түскен.