Таразда ағаштар тамырымен жұлынып, үйлердің шатырын жел ұшырып жатыр – видео
Айқын газеті
Түс уақытына қарай басталған жел салдарынан ағаштар құлап, бағдаршамдар істен шығып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Тараз қаласында жойқын жел басталып, қалалық коммуникация қызметін әбігерге салды. Түс уақытына қарай басталған жел салдарынан ағаштар құлап, бағдаршамдар істен шығып жатыр. Сондай-ақ облыс орталығының бірқатар аудандарында электр жарығы сөнген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қала тұрғындары жұлынған шатыр, құлаған ағаш видеоларын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.
Сонымен қатар қаланың ең жаңа аймағы саналатын 15-ықшамауданда жаңа салынған көпқабатты тұрғын үйдің бірінің шатырын жұлып әкетті. Осыған байланысты шағын ауданның жанындағы тасжолдағы қозғалысқа шектеу қойылды.
Қалалық әкімдік өкілдері дауылдың салдары желдің беті қайтқаннан кейін қалпына келтірілетінін айтты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37