Мас әйел көлікпен 17 жастағы қыздарды екі рет басып өтті

Мас әйел көлікпен 17 жастағы қыздарды екі рет басып өтті
34 жастағы әйел жол шетінде келе жатқан екі қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған, алайда біраз уақыттан кейін қайтып келген...
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейде шетел көлігін мінген мас әйел екі қызды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Содан кейін қайтып оралып, зардап шегушілердің бірін басып кеткен, деп хабарлады Sputnik.

РФ ІІМ алдына ала мәліметінше, 6 сәуір күні түнде Свердлов облысының Белоярский елді мекенінде 34 жастағы мас әйел Nissan Juke көлігімен жол шетінде келе жатқан 17 жастағы екі қызды қағып кеткен. Әйел кетіп қалған, алайда сәлден кейін қайтып келіп, қыздардың бірін басып өтіп, ізін суытқан. Құқық қорғаушылар оның кім екенін, көлігінің маркасы мен нөмірін анықтады.

Дәрігерлер қыздардың екеуі де жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын хабарлады. Сондай-ақ бірінің жамбас сүйегі сынып, екіншісінің жұлыны қысылып қалған.

Жүргізушіге мас күйінде көлік жүргізгені және апат орнынан кетіп қалғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Тергеушілер РФ Қылмыстық кодексінің «Жол және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.


Новости партнеров