Семейде өрт кезінде бойжеткен 9-қабаттан секіріп кетті

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен
Өрт сөндірушілер келгенде тұрғын үйден қою қара түтін шығып жатқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семейде өрт кезінде қыз тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өрт бүгін түстен кейін қала орталығында 9-қабатта орналасқан пәтердің балконынан шықты. Өрт сөндірушілер келгенде тұрғын үйден қою қара түтін шығып жатқан.

Қалалық ТЖ басқармасының мәліметнше, пәтерде 2003 жылғы қыз болған. Ол үйден өздігінен шыға алмаған, өйткені ата-анасы есікті сыртынан жауып кеткен.

Құтқарушылар қызды эвакуациялау үшін автосатыны ашқанын хабарлады. Алайда ол қорыққанынан тоғызыншы қабаттың балконынан секіріп кеткен.

Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен қызды шұғыл ауруханаға жеткізді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болған.


Новости партнеров