Әйел көліктен құлап кетті: Павлодарда жол апаты болды

© CC0 / Rico_Loeb
© CC0 / Rico_Loeb
Зардап шегушінің миы шайқалған, бірнеше жері сынған және зақымданудан есеңгіреп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда төрт бірдей көлік жол апатына ұшырап, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты салдарынан бір әйел көліктен жерге құлап кетті. Оқиға сенбіден жексенбіге қараған түні, 15 тамызда түнгі бір шамасында болған.

Pavon.kz жергілікті басылымының хабарлауынша, Павлодар қаласындағы Назарбаев даңғылы мен Чокин көшесінің қиылысында болған жол апатының жазбасы видеотіркеуішке түсіп қалған.  

«Volkswagen» көлігі Чокин бойымен келе жатып, бағдаршамның сары түсі жанғанда Назарбаев даңғылын қиып өтпек болған. Осы кезде оны «Toyota» қатты жылдамдықпен келіп соққан.

Салдарынан «Volkswagen-де» отырған жолаушы әйел жерге құлап кетіп, дереу ауруханаға жеткізілді. Жоғарыда аталған көліктер соқтығысқан сәтте «Lada» бұрылған. Осы кезде «Mercedes» Назарбаевтың бойымен қарсы бағытта келе жатады, алдын ала болжам бойынша, ол жол апатынан қашамын деп «Lada-ны» соққан.

Жаппай жол апатынан зардап шеккен 37 жастағы жолаушы Павлодар қаласының №1 ауруханасына жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Pavlodarnews.kz порталына әйел көп жарақат алғанын хабарлады. Миы шайқалған, жамбасы, оң жақ 5-6-7 қабырғалары сынған және екінші дәрежелі жарақаттық шок алған.




Новости партнеров