Түркістан облысында 8-сынып оқушысының денесі кәрізден табылды
ПД баспасөз қызметі
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысының полицейлері жоғалған баланың денесін ауладағы кәрізден тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне Шұбарсу ауылының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, 18 желтоқсанда кәмелетке толмаған ұлы, 8-сынып оқушысы жоғалып кеткен. Ер адам баласы үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп, оралмағанын айтты.
"Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер өз үйінің ауласындағы кәрізден 14 жастағы жасөспірімнің мәйітін тапты. Болжам бойынша жасөспірім септикке құлап, қаза болған. Сараптамалар тағайындалды", – делінген облыстық ПД баспасөз қызметінде.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52