Армения Министрлер кабинеті Қарабақтағы жағдайға байланысты елде әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады. Бұл туралы премьер-министр Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
"Армения Республикасы үкіметінің шешімімен соғыс жағдайы және жалпы мобилизация жарияланады. Шешім ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Әскерге тіркелген жеке құрамды өзінің аумақтық әскери комиссариатына келуге шақырамын", - деп жазды Армения премьер-министрі Никол Пашинян Facebook-те.
Бұған дейін Пашинян Министрлер кабинеті соғыс жағдайын енгізу мәселесін қарастыратынын айтқан болатын және ер адамдарды Отанын қорғауға дайын болуға шақырған.
Армения Қорғаныс министрлігі соңғы сағаттарда республиканың барлық аумағында жеке азаматтар мен азаматтар тобы (10 000 адамға дейін) әскери комиссариаттарға оларды әскерге тіркеу және арцахо-әзірбайжан шекарасына жіберу туралы өтінішпен келіп жатқандарын хабарлады.
"Армения Қорғаныс министрлігі отандастарымыздың дайындығын жоғары бағалай отырып, қазіргі уақытта еріктілер керек емес деп мәлімдейді, ал қажеттілік туса, АР ҚМ жеке, арнайы мәлімдеме жасайды", - делінген хабарламада.