Алматыда дәстүрлі емес діни ағым өкілдері карантин режимін бұзды

 ДП Алматы
ДП Алматы
Олар гаджеттер мен өзге де мобильді құрылғыларды жасырын жөндеумен айналысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда деструктивті діни ағым өкілдері жасырын түрде телефон жөндеумен айналысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, заң бұзғандарды жедел полиция бөлімшелерінің бірі қолға түсірген. Қолға түскендер Алматының Жетісу ауданында орналасқан дүкендердің бірінде гаджеттер мен өзге де мобильді құрылғыларды жасырын жөндеумен айналысқан. 

«Аталмыш азаматтар төтенше жағдай режимін бұзғандықтан, ҚР ӘҚБтК 476-бабында қарастырылған құқықбұзушылық белгілері бойынша жауапқа тартылды. Кеше кешке сот процесі өтті. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот шешімімен, ол азаматтар кінәлі деп табылды және әкімшілік қамауға алынды. Қазіргі уақытта олар Алматы ПД уақытша қамау бөлімінде отыр», - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов. 

Новости партнеров