Алматыда мақсатсыз жүрген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

polisia.kz
polisia.kz
Қалада заңсыз жүріп-тұрғаны үшін 211 жүргізуші ұсталды, оның 51-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 160 жүргізушіге қатаң ескерту жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 50-ден астам жүргізуші қалада мақсатсыз жүргені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаладағы төтенше жағдайдың және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы үшін жолды тарылту арқылы 41 тосқауыл қойылды. Нәтижесінде, 7 мың 485 көлік құралы тиісті қозғалыс рұқсатынсыз тіркелді. Мақсаты – дүкенге – 2 мың 824, дәріханаға – 2 мың 471, медициналық мекемелерге жүгіну қажеттілігіне байланысты – 1 мың 979. Қалада заңсыз жүріп-тұрғаны үшін 211 жүргізуші ұсталды, оның 51-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 160 жүргізушіге қатаң ескерту жасалды.

“Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі” аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен жүргізілген талдау бойынша қаланың негізгі көшелері бойымен көліктердің қозғалысы төмендегенін көрсетті. Сонымен, сағат 08.00-ден 09.00-ге дейін АШАЖ, Райымбек – Саин, Сейфуллин – Жансүгіров, Төле би – Розыбакиев барлық бағыттарда 4 мың 398 көлік тіркелді. Дәл осы уақыт аралығында 11 наурызда аталған учаскелердегі көлік саны 19 мың 546 бірлікті құрады.

Новости партнеров