Алматыда жолайырықтың эстакадасы біраз уақытқа жөндеуге жабылады

elements.envato.com
elements.envato.com
Момышұлы көшесінде Төле би көшесінен Талдыарал көшесіне дейінгі аралыққа шектеу енгізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Райымбек - Момышұлы жолайырығының аумағына орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

20 тамыз сағат 23.00-ден 22 тамыз сағат 11.00-ге дейін Момышұлы көшесінде Төле би көшесінен Талдыарал көшесіне дейінгі эстакадада, сондай-ақ оған бұрылатын және одан шығатын жол жабылады.

Бұл аумақты Төле би, Ақсай 1-А, Саин, Еспаев, Сухамбаев-Доспанов көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Новости партнеров