Шымкентте көлік жүргізушісі полицейдің погонын жұлып алған
Фото: ашық дереккөзден
41 жастағы жүргізуші полиция қызметкерінің ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, қорлаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Полицейдің заңды талабына бағынбай, погонын жұлып алған шымкенттік жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
27 мамырда Арғынбеков пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алған.
«Осы жайт бойынша оқиға орнына барған полиция қызметкерлері «Субару» автокөлігінің жүргізушісін арнайы автокөлікке отырғызып, мастығын куәландыру мақсатында наркологиялық диспансеріне алып бара жатқан уақытта болған. 41 жастағы жүргізуші өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерінің ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, қорлап, погонын жұлып алған», - делінген ақпаратта.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі (билік өкiлiн қорлау) бойынша тіркелді.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
29.09.2026 09:58
Алматыда жер сілкінісі тіркелді
28.09.2026 09:42
28 қыркүйекке арналған валюта бағамы
28.09.2026 08:45
ІІМ: ҰҚТ мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды
28.09.2026 08:20