|
12.01.2024 | 16:53
422

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім тал түбінен табылды

9-сынып оқушысы ата-анасына айтпастан достарымен қыдырған

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім тал түбінен табылды polisia.kz

Түнгі уақытта Отырар аудандық полиция бөліміне 15 жастағы ұлының үйіне оралмағанын айтып хабарласқан тұрғын полицейлерден көмек сұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әкесінің айтуынша, ұлы кешкі сағат 17:00 шамасында достарымен шығып кетіп, күн батқанша келмеген. Жақындары полицияға хабарламай, алдымен бірнеше сағат өздері іздеген. 

Оқиға кәмелет жасына толмаған баланың қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, учаскелік инспекторлар шұғыл іске кірісті. Жеткіншектің баруы мүмкін жерлер, жақын аумақтар мұқият тексерілді.

Бір сағатқа созылған жедел жүргізілген-іздестіру жұмыстары нәтижесінде жоғалған жасөспірім үйінен 15 шақырым қашықтықта талдың түбінен табылды.

Полицейлердің анықтауынша, 9-сынып оқушысы ата-анасына айтпастан достарымен қыдырған.

Кеш болып кеткендіктен үйіне барса, ата-анасынан сөз естимін деп ойлап, талдың түбінде ұйықтаған. Жасөспірім бала мен ата-анасына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Жеңілдетілген несиеге, жеңіл көлік: Астаналық жігіт алдап кетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир