Ақтөбе облысындағы теміржол өткелінде болған көлік апатынан жүргізуші мерт болды
24.kz
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбе облысында теміржол өткелінде екі көлік соқтығысып, жеңіл автокөліктің жолаушысы қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 қыркүйек сағат 22:40 шамасында 53 жастағы DAF жүк көлігінің жүргізушісі Ақтөбе-Орынбор автожолымен жүріп келе жатып, қатар бағытта жүріп келе жатқан және реттелмейтін теміржол өткеліне тоқтаған Opel Vectra автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан Opel автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33