Талғарда бір отбасының 3 адамы улы газдан көз жұмды
Zakon.kz
Олар 1973 жылғы әкесі, 2001 және 2005 жылы туған балалары
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысының Талғар қаласында бір отбасының үш мүшесі иіс тиіп көз жұмды.
Олар 1973 жылғы әкесі, 2001 және 2005 жылы туған балалары, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, отбасының анасы ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын-ала болжам бойынша қайғылы оқиғаға қатты отынмен жылытылатын пештің ақауы себеп болуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанымен Алматы облысында улы газбен улану фактілері жиілеп кетті.
2019 жылдың басынан 18 адам иіс тиіп көз жұмған.
Өткен аптаның сенбісінде Үшарал қаласында бір үйден жеті адам улы газбен уланып, олардың біреуі жан тәсілім етті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13