Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 мүшесі мен 2 техника және 2 мотоциклет экипажы тартылған
Алматының қақ ортасында өртенген автобустың жүргізушісі қолын күйдіріп алды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бүгін сағат 14:47 кезінде куәгерлер 101 нөміріне хабарласып, көшенің ортасында автобустың өртеніп жатқанын хабарлаған.
«Арада 5 минут өткенде өрт сөндірушілер сол жерге жетіп, 2014 жылы жасалған Yutong автобусының өртеніп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, өрт сол маңдағы жарнама баннеріне де жетіп үлгеріпті. Бұл автобустар газбен жүреді. Өртті бірден сөндіру үшін көбік шашатын «Пурга2» құрылғысын пайдаланды. Жедел шаралардың рақасында өрт 8 минут ішінде сөндірілді. Өрт кезінде автобус жүргізушісі оң жақ қолының күйік шалғанын хабарлады. Алайда, ол аруханаға жатудан бас тартты», - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметіің хабарламасында.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 мүшесі мен 2 техника және 2 мотоциклет экипажы тартылған.
Айта кетсек, Медеу ауданындағы Назарбаев көшесі бойында жолаушылар автобусының түгі қалмай өртеніп кеткені хабарлаған едік.