|
26.01.2024 | 17:07
296

Алматы полициясы ұрланған көліктерді иелеріне тауып берді

"Автокөлік" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Алматы полициясы ұрланған көліктерді иелеріне тауып берді

Алматы қалалық криминалдық полицияның мәліметінше 25-27 қаңтар аралығында шаһарда көліктерді ұрлау мен тонауға қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында "Автокөлік" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, 25-27 қаңтар аралығында шаһарда көліктерді ұрлау мен тонауға қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында "Автокөлік" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

- Іс-шараның бірінші күнінде бөтен адамдардың көлігін ұрлау бойынша төрт дерек анықталды, оның ішінде Toyota Camry көлігі де бар. Ол Мамыр шағынауданындағы үйлердің бірінің ауласынан ұрланған. 26 жастағы күдікті ұсталды, көлік аман-есен иесіне қайтарылды. Сонымен қатар досымен бірге клиенттің көлігімен қыдыруға бел буған ТЖО қызметкері 20 жастағы М.есімді досымен көлік ұрлағаны үшін ұсталды. BMW көлігі Қонаев қаласына бара жатқан жолда тоқтатылды, - дейді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Оқи отырыңыз: Елімізде жастардан құрылған рэкетирлер тобы ұсталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир