Каирде пойыз апатқа ұшырап, 24 адам қаза тапты
tengrinews.kz
Қазақ болғандар мен жарақат алғандардың басым көпшілігі платформада тұрғандар
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Каир қаласының орталығындағы Рамсис станциясына кіре берісте пойыз өртеніп жиырмадан астам адам көз жұмды. Бұл жайында Египет Көлік министрлігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.
Агенттік таратқан мәліметке сүйенсек, пойыз Рамсис вокзалының 7-ші платформасына кіре бергенде қандайда бір бөгетке соғылған, нәтижесінде локомотивте жарылыс болып өртке оранған.Қазақ болғандар мен жарақат алғандардың басым көпшілігі платформада тұрғандар.
Египет БАҚ-ы апаттан 24 адамның көз жұмғанын және жарақат алғандардың саны елуден асатынын хабарлады. Адамдардың көпшілігі иістен уланған және дүрліккен жұрт вокзал платформасынан шыға алмай қалған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13