Алматы көшесінің бірінде көлік қозғалысына үш тәулікке шектеу қойылады

Almaty.tv
Almaty.tv

Аумақ 10 тамызда таңғы сағат 06:00-ден 13 тамызда таңғы сағат 10:00-ге дейін жабылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Серкебаев даңғылы бойындағы көлік қозғалысына үш тәулікке сегменттер бойынша шектеу қойылмақшы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ге сілтеме жасап.

Алматы қаласы Бостандық ауданы Ермек Серкебаев даңғылы бойындағы Березовский көшесінен бастап Есқараев көшесіне дейінгі аумақ 10 тамызда таңғы сағат 06:00-ден 13 тамызда таңғы сағат 10:00-ге дейін екі бағытта да автокөлік құралдарының қозғалысы үшін жабылады.

Уақытша шектеулер аталған көше бойындағы көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.

Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

48 жыл бұрын (1976 жылы) пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 1 шақырымнан асатын және жаңғыртылып жатқан жылу магистралі қазандықтардан мегаполистің оңтүстігіндегі аталған секторда орналасқан 19 тұрғын үйге, 2 балабақшаға және 39 басқа ғимараттарға жылу энергиясын беруді қамтамасыз етеді.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Новости партнеров