Ақмоладағы ұшақ апаты: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Апат салдарынан зардап шеккен ер адам қаладағы Темір жол ауруханасында жатқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елорда маңындағы Ан-2 ұшағы апатының салдарынан зардап шеккен екі адамның бірі көз жұмды, деп хабарлайды қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ.
Апат салдарынан зардап шеккен ер адам қаладағы Темір жол ауруханасында жатқан. Ол ауруханада көз жұмды. Осылайша, ұшақ апатынан құрбан болғандардың саны екі адамға жетті.
Еске сала кетсек, 20 маусымда, сағат 10:00 шамасында Ақмола облысының Целиноград ауданында әуе апаты болды. Ан-2 ұшағы құлап, салдарынан ұшқыш көз жұмды. Сонымен қатар экипаждың екі мүшесі зардап шеккен еді.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Дереккөзі: stan.kz
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48