Алматы облысына қарасты Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылындағы аула аумақтарын су басып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«5 наурызда сағат 18.46-да Алма Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылында температураның (+12 градус) жоғарылауына және тау баурайынан еріген қар суының түсуіне байланысты құбырлы өткелдер су көлеміне төтеп бере алмады. Соның салдарынан көшелер мен 6 жеке тұрғын үйлердің аула аумағы су астында қалғаны хабарлама келіп түсті», - делінген ТЖД хабарламасында.
ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен инженерлік техниканы (3 экскаватор және 2 тиегіш) пайдалана отырып, қолда бар құбырлы өткелдерге параллель қосымша төгу арналарын төсеу әдісімен еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілді.
«ТЖ департаментінің 10 қызметкері, 2 бірлік техникасы, 2 мотопомпасы және жергілікті атқарушы органдардың 5 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды. 2023 жылғы 6 наурызда сағат 7:00-де су ағыны төмендеді, елдімекендер арқылы су транзиттік режимде өтуде», - делінген хабарламада.
Су басу дерегінен қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ.