Алматы облысында салмағы 4 тоннадан астам марихуана плантациясы жойылды

Polisia.kz
Polisia.kz
Есірткі сатушыға 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында ірі есірткі иесі ұсталып, бір жарым гектар марихуана плантациясы жойылды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қарасора-2020» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы облысының есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қапшағай қаласының 46 жастағы тұрғынын ұстады. Одан сот-химиялық сараптамасымен “кептірілген марихуана” деп танылған, салмағы 10 кг-нан асатын өсімдік тектес заты бар төрт полимерлік қап, сондай-ақ салмағы 35 кг-нан асатын 845 түп “қарасора” тұқымдас өсімдігі табылып, тәркіленді.

Күдіктінің айтуы бойынша, ол тәркіленген есірткі затын жеке мақсатта пайдалану үшін Қапшағай қаласына жақын маңнан жинап алған. Аталған орынға жеткен жедел-тергеу тобы шамамен бір жарым гектар алқапты алып жатқан “қарасора” плантациясын тауып, жойды. Шабылған массаның жалпы салмағы 4 тоннадан асқан. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша тіркелді. Есірткі сатушыға 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Новости партнеров