Автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы аумаққа орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
6 тамызда сағат 23:00-ден 8 тамызда сағат 11:00-ге дейін көпірде қозғалыс батыс бағытта, сондай-ақ Кудерин көшесінен қосылатын жол толығымен жабылады.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.
Оқи отырыңыз: Алматының Әуезов ауданында Абай даңғылы бойындағы аймақтардың бірінде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі