|
15.08.2019 | 17:21
2152

Нұр-Сұлтанда белгісіз ер адам автобуста жолаушылармен төбелескен

Оқиға №9 автобуста болған

Нұр-Сұлтанда белгісіз ер адам автобуста жолаушылармен төбелескен tumix.ru

Нұр-Сұлтан қаласында белгісіз ер адам автобус жолаушысына шабуыл жасап, автобус салонында бұрыш спрейін шашқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға №9 автобуста болған.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға сағат 10:00 шамасында болғанын хабарлады. Құқық қорғау органдарына жергілікті тұрғын шағымданған.

Оның айтуынша, ауызша қақтығыстан кейін белгісіз ер адам оған балоннан белгісіз сұйықтық шашып жіберген. Содан кейін ер адам жәбірленушіні аяғымен бетінен теуіп жіберіп, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Аталған дерек бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша сот дейінгі тергеу басталды. Полиция өкілдері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша тергеу шараларын өткізіп жатыр", - деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир