Референдумға дейін:
20
күн
19
сағат
48
минут

Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды
ТЖ комитеті қазақстандықтарға екі облыста көктайғақ болып, жолды көру мүмкіндігі нашарлайтынын ескертті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қар, көктайғақ және қатты бұрқасыннан "Самара-Шымкент" тас жолының екі учаскесі жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарабұтақ кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі 965-1240 шақырым учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысында осы жолдың Аралдан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 1357-1240 шақырым учаскесі жабылды", - деп мәлімдеді ТЖК-дан.

Айта кетсек, Қазақстанның басым аумағында кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен солтүстік-шығысында бұрқасындатады.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде көктайғақ болады деп болжанып отыр. Желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін күшейіп, бұрқасын соғады. Ал Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі.

Қызылорда облысында кей аймақтарда – тұман, көктайғақ, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысында тұман түсіп, 15-22 м/с жел соғады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Новости партнеров