Алматы облысында Үшарал-Достық тас жолы ауа райына байланысты жабылды. Республикалық тас жолға шығуға көліктің барлық түріне тыйым салынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпарат бойынша, 18 желтоқсанда сағат 13:00-ден бастап боран мен жолдың көрінуі нөлдік деңгейде болуына байланысты республикалық маңызы бар Үшарал-Достық автожолында барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.
«Алматы облысы ТЖД өкілдері тұрғындардан осы бағытта жүруден бас тартуды және 112 қызметінің хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шығарда ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті затты өзіңізбен алып жүріңіз», – делінген хабарламада.
Бұған дейін 30 қарашада бұл жол ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған болатын.