|
Jol
04.02.2023 | 17:28
709

Жамбыл облысының бірнеше ауданындағы ауылдарды су басты

60-қа жуық адам, 6 техника және 4 мотопомпа жұмылдырылған

Жамбыл облысының бірнеше ауданындағы ауылдарды су басты Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Күннің жылынуына байланысты Жамбыл облысында еріген қар суы аулаларға жайылды. ТЖМ мәліметінше, өңірдегі ахуал бақылауда тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәселен, Тұрар Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарында бірнеше елді мекенде аула аумақтарын еріген қар суы басқан. ЖАО және ТЖД күшімен аула аумақтарынан еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Рысқұлов ауданы бойынша жағдай тұрақты. 60-қа жуық адам, 6 техника және 4 мотопомпа жұмылдырылған.

Шу ауданында да осындай жағдай, ол жерде де құтқарушылар жұмыс жүргізуде.

Сарысу ауданында бір аула аумағынан су айдау жұмысы басталды.

Рысқұлов ауданының бірқатар елдімекендеріндегі жұмыс аяқталған соң күш-құралдар кезекшілік атқару және қажетті жұмысты жүргізу үшін Жақсылық ауылына жіберілді.

«Құрметті азаматтар! Есіңізде болсын, арық жүйесін уақтылы тазарту, қар шығару, арықтарды қоқыстардан тазарту және басқа да алдын алу шаралары – маңызды профилактика саналады және тұрғын үй мен көшелерді су басудың алдын алуға көмектеседі», – деп ескертті ТЖМ.

4-10 ақпан аралығында өңірде дауылды ескерту жарияланған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир