Сарапшылар Мұрат Асқароғлының өтірігін әшкереледі

Кадр из видео Almaty.tv
Кадр из видео Almaty.tv
Мамандар Мұхамедті көлік қақты деген сараптама шындыққа жанаспайды деді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс айналма күре жолының жиегінде шала-жансар күйде табылған баланың жарақаты жол апатынан емес! Бүгін «өз ұлын өлімші етіп сабады» деп айыпталған Мұрат Асқароғлының ісіне қатысты сотта мемлекеттік сарапшы осылай деп жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сарапшы өз сөзінде бұған дейін тәуелсіз сарапшы келтірген қорытындыны жоққа шығарды. Маман балаға жасалған медициналық анықтамаларды тексере келе, бүлдіршіннің алған жарақаты көлік қаққанға ұқсамайды деді. Әрі жалған сараптама жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып, өз қорытындысы айна-қатесіз екенін алға тартты.

Баланың киімінің бір жері де жыртылмай бүтін болған. Аяқ киімі де бүлінбеген. Ауыр соққы тисе ішкі ағзасына зақым келіп, сүйектері сынып кетер еді. Аяқ-қолы да сырылар еді. Бірақ ондай белгілер байқалмады. Тек ми сүйегі уатылып сынып кеткен. Бүлдіршіннің бас сүйегінің сол жақ бетінде қатты жарақат тұрды. Оның көлемі тиген тастың көлемімен бірдей. Сондықтан Мұхамедті көлік қақты деген сараптама шындыққа жанаспайды.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы сот отырысында сотталушының қорғаушысы тәуелсіз сарапшыны шақыртқан еді. Ол баланың жарақаты көлік қаққаннан болды деп мәлімдеме жасаған. Енді мәселенің ақ-қарасы алдағы сот отырыстарында анықталмақ. Айта кетейік, өз ұлын өлімге қиды деп айыпталған Мұрат Асқароғлының соты алқабилердің қарауымен өтіп жатқанына жарты жылдан асты.

Новости партнеров