48 жастағы әйел ұсталды: Ақтөбе облысында адвокаттың баласын өлтіріп кетті

48 жастағы әйел ұсталды: Ақтөбе облысында адвокаттың баласын өлтіріп кетті
Болжам бойынша, жас жігіт кеудесінен алған жарақат салдарынан мерт болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Желіде Ақтөбе облысында адвокаттың баласын өлтіргені туралы әңгіме желдей есті. Бұл туралы полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz агенттігі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі адам өлімін растап, оқиғаның 2 сәуірде болғанын айтты.

Полицейлердің мәліметінше, ер адамды өз пәтерінде өлі күйінде туысы тауып алған.

Бұған қатысты «Адам өлтіру» ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты жасаған күдікті әйел ұсталды.

Көз жұмған бала адвокаттың ұлы. Ол әкесінің үйінде жалғыз тұрды. Ақтөбедегі оқу орындарының бірінде оқып жүрген.  Әкесінің жұмысында көмекші қызметін атқарған.

Оқиға болған күні жігіт әпкесінің туған күніне баруы тиіс болыпты. Анасы ұлына хабарласа алмаған соң, қаладағы туысының бірінен оның пәтеріне барып көруді өтініпті.

Баланың жарақат алып, бір тәуліктен бері жерде сұлап жатқаны белгілі болды. Адам өліміне күдікті ретінде 48 жастағы әйел ұсталды. Ол үш баланың анасы. Оның кіші баласының жасы 14-те. Әйел қылмыс болған пәтерге жақын жерде тұрған.

Новости партнеров