Алматыда қоғамдық көлікте жүрген қалта ұрылары ұсталды
МИА «Казинформ»
Ведомствоның хабарлауынша, «суық қолдардың» барлығы да криминалды полицияның жедел-із кесу бөлімінің жедел-іздестіру шараларының барысында анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда өткен демалыс күндері қоғамдық көліктерде, автобус аялдамаларында және сауда орталықтарында қалта ұрлығымен айналысқан 8 адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, «суық қолдардың» барлығы да криминалды полицияның жедел-із кесу бөлімінің жедел-іздестіру шараларының барысында анықталған.
«Осыған байланысты біздер азаматтарды өз заттарына мұқият сақ болуларын қайта-қайта ескертеміз. Бағалы заттарды еш уақытта киімнің сыртқы және артқы қалталарына салуға болмайды, жеке заттарыңыздың барлығы көзіңізден таса болмауы қажет», - деп кеңес берді Алматы қалалық ПД Криминалды полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13