Жансүгіров көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі

05.07.2024 22:48

Жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап алыңыз

elements.envato.com

6 шілдеде сағат 22:00-ден 7 шілдеде сағат 10:00-ге дейін Жансүгіров көшесінің Ақпаев көшесімен қиылысында көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Уақытша шектеулер осы көше бөлігіндегі жол  астынан тартылған су құбырын жоспарлы қайта құруға байланысты.

Жүру бағытын алдын ала жоспарлап, аталған өзгерісті ескеруді өтінеміз.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Анықтама үшін телефон: 8 (727) 274-66-66 - Орталық диспетчерлік қызмет.

Оқи отырыңыз: Алматыда жөндеуге байланысты Масанчи көшесіндегі аумақ екі күнге жабылады