|
Jol
02.04.2019 | 17:53
6846

Қазығұртта тергеуші асылып өлмек болған көршісін ажалдан арашалап қалды

Қазіргі таңда суицид жасауға әрекеттенген тұрғын аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр

Қазығұртта тергеуші асылып өлмек болған көршісін ажалдан арашалап қалды

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында тергеуші өмірімен қоштаспақ болған тұрғынды құтқарып қалды. Ол өз үйінде асылып өлмек болған ер азаматқа алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін істеген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін түнде шамамен сағат 1:30-да орын алған.

«Қазығұрт АПБ полиция аға лейтенанты, аға тергеуші Серік Түймебаевтың үйіне көршісі күйеуім асылып қалды деп айқайлап жүгіріп келеді. Полиция қызметкері уақыт жоғалтпай шұғыл әрекет ету арқылы жіптен ер азаматты босатып алып, жедел жәрдем көлігі келгенше алғашқы көмекті көрсеткен. Содан кейін тергеуші болған оқиға туралы АПБ кезекші бөліміне хабарлады», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда суицид жасауға әрекеттенген тұрғын аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп отыр.

Өз кезегінде полицейлер ер азаматтың не себепті өмірімен қоштаспақ болғанын анықтауда.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир