|
20.03.2020 | 17:58
1251

ТЖ: Тұрғындар карантинді қалай қабылдады

Кірген-шыққан халықты қазір жауапты мекеме өкілдері жіті тексеруде

ТЖ: Тұрғындар карантинді қалай қабылдады Almaty.tv

Кешелі бері Алматы маңына орнатылған блок бекеттер күндіз-түні дамылсыз жұмыс істеп жатыр. Себебі қала мен сыртқа ағылған халықтың саны көп. Құзырлы орган өкілдері азаматтардың әрқайсысын тексеріп, мағлұматтарды түртіп алуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл – Алтын Орда базары маңындағы блок бекет.  Бұл жердегі жағдай бір қалыпты. Кірген-шыққан халықты қазір жауапты мекеме өкілдері жіті тексеруде. Халықта байсалдылық танытып, тәртіппен кезек алып, бекеттен өтіп жатыр. Осындай індеттің өршіп тұрған кезінде карантин жариялануын халық жылы қабылдауда.

БЛИЦ:

 –  Әрине, бұл жай емес. Жоспар бойынша әрекет ету керек. Қорқынышты, бірақ халық сабыр сақтап, негізгі ережені сақтауы керек.

 –  Сақтану керек. Блок бекеттердің қойылуы соның алдын алу ғой.

 –  Меніңше, бұл дұрыс қадам. Бізге бірігу қажет.  

 –  Аурудың таралуына байланысты алдын-алу шаралары дұрыс жүргізіліп жатыр.

Қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапановтың сөзінше бекеттер қойылғалы бері үш жарым адам мен төрт мыңға жуық көлік өткен. Естеріңізге салсақ,  22 наурызға дейін қала тұрғындарына шаһарға кіруіне, ал Алматыда жүрген өзге өңірдің азаматтарына өз үйлеріне жетіп алуларына рұқсат берілген болатын

«Блок бекеттердегі жағдай бірқалыпты қала береді. Бекет қызметкерлері кіріп-шығу туралы нұсқаулықпен жұмыс істеп жатыр. Қалада өздеріңіз білетіндей, 19 наурызда сағат түнгі 00:00-ден басталды. Шаһар тұрғындарына 22 наурыз сағат түнгі 00:00-ге дейін қалаға кіріп алуларына кеңес береміз. Қазір бекет маңына дезинфекция жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр. Шекарадан өтіп жатқан халықты арнайы короновирусты анықтайтын құрылғылармен бақылап отырмыз. Бекеттің екі жағында да адам көп. Бұл түсінікті жағдай. Біреулер қалаға асықса, енді бірі Алматыдан шығып кетуге әркеттенуде», – деді қала әкімінің орынбасары Ерлан ҚОЖАҒАПАНОВ.

Қазір бекетте полиция қызметкерлері, дәрігерлер, Ұлттық ұлан сарбаздары мен әкімдік өкілдері күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. 22 наурыздан бастап блок бекеттер толықтай жабылатын болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир