«Қайрат» футбол клубы әуежайдағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді

Видеодан кадр
Видеодан кадр
Футболшылар 21 қарашада әзербайжандық «Қарабаққа» қарсы кездесу өтізіп, елге оралған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қайрат» футбол клубы Алматыдағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, барлық спортшы дін аман, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Футболшыларымыз конференциялар лигасының топтық кезеңі аясында 21 қарашада әзербайжандық «Қарабаққа» қарсы кездесу өтізіп, елге оралған еді. Алайда әуе кемесі халықаралық әуежайда автокөлікпен соқтығысып, төтенше жағдайға ұшырады.  

«Шынында, «Қайрат» футбол клубының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы бортта болды. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Құрама біраз уақыт ұшақ ішінде болып, кейін клубтың жаттығу кешеніне кетті. Ал бүгін жексенбі күні өтетін «Қайрат» «Астанамен» болатын матчы алдындағы жаттығуларын өткізеді», – делінген «Қайрат» футбол клубының баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, апатты оқиға бүгін таңғы сағат 7.00 шамасында болды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта апатқа қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

«14-ші тұрақ орнында әуе кемесі мен әуежай қызметтерінің бірінің автокөлігімен соқтығысқанын растайды. Ұшақ Flejet.kz компаниясына тиесілі», – деді Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің басшысы Найля Жабагина.

Оқи отырыңыз: Әуежайдың ұшу-қону жолағында ұшақ пен жеңіл көлік соқтығысты

Новости партнеров