Түркістанда жоғалып кеткен бала шөп арасында ұйықтап жатқан жерінен табылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ойнауға шыққан бала шаңды дауылдың әсерінен бағыттан адасып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен бала дін аман табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кеше кешкісін Жетісай ауданында сағат 12:00-де үйден шығып, артынша оралмаған жасөспірім жайында жергілікті полиция бөліміне қоңырау түскен. Толық құрамда іздеуге кіріскен тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғындар да қосылды. Бұл іске 100-ге тарта ерікті жұмылдырылған. Нәтижесінде, келесі күні таңғы сағат 09:40 шамасында ауыл тұрғыны 12 жасар жасөспірімді егістік алқабынан тауып алған. Анықталғандай, ойнауға шыққан бала шаңды дауылдың әсерінен бағыттан адасып, түн батқан соң шөп арасында ұйықтап қалған. 

«Полиция бөліміне, мектепке, бүкіл ауылға WhatsApp арқылы хабарладық. Олар жұмыла кірісті. Жастардан бастап, жасы келген қарияларға дейін іздеуге шықты. Көпшіліктің арқасында осындай қуанышты хабар естідік», – деді баланың анасы.

Новости партнеров