|
19.03.2020 | 18:29
1723

Карантин: 22 наурызға дейін тұрғылықты жеріңізге жетіп алуыңыз керек

22-інен бастап қала толықтай оқшауланады

Карантин: 22 наурызға дейін тұрғылықты жеріңізге жетіп алуыңыз керек Almaty.tv

22 наурызға дейін тұрғылықты жеріңізге жетіп алуыңыз керек. Себебі 22-інен бастап қала толықтай оқшауланады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әзірге COVID-19-дың таралуына тосқауыл қою мақсатында Алматыдағы блок бекеттерден өтуге мүмкіндік бар. Ал, бекеттерден кімдер өте алады? Қандай талаптар бар?      

Қазір өтуге тыйым салынған бекеттерде таңнан бері жұмыс қызу жүріп жатыр. Сэс қызметкерлері шыққан әр адам туралы мағлұматтарды жинап, дене қызуын тексеруде. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше 22 наурызға дейін сыртта жүрген қала тұрғындарына шаһарға кіруге, ал Алматыда жүрген басқа өңірлердің азаматтарына тұрғылықты жерлеріне жетіп алуына рұқсат беріліп отыр.

«72 сағаттың кімдерге берілгенін атап өтейін: бірінші кезекте Алматыда ресми түрде тұратын тіркеуі бар азаматтар, қандай да бір белгілі себептермен бүгінгі түнге дейін өз үйлеріне жете алмағандар. Олар 72 сағаттың ішінде өз үйлеріне жетуіне болады. Тура осындай белгілі себептермен біздің қаладан басқа өңірлердің тұрғындары шыға алмаған жағдайда осы үш күннің ішінде шығып кете алады деді», – деді Қалалық ПД баспасөз хатшысы Салтанат ӘЗІРБЕК

Сондай-ақ, полиция департаментінің өкілі осы кезеңде басқа өңірдің тұрғындары қаладан шықса қайтып кіре алмайтынын ескертті. Сондықтан қайда тұратынын дереу шешуі тиіс. Тіпті, жұмыс орнынан берілген анықтама мүлдем жарамайды. Тек медицина қызметкерлері, қоғамдық тәртіпті қадағалаушылар мен азық-түлік тасымалдаушылар ғана қатынай алады. Ал, шұғыл шаруамен Алматыға кіруге тура келсе әкімшілік жанынан құрылған штабқа өтініш жасай аласыз.

«Бәрі бөлек-бөлек қарастырылады. Әр бекеттің құрамында әкімшіліктің қызметкерлері бар. Сол қызметкерлер туындаған жағдайды өздері мұқият шешетін болады. Мысалы, ота жасату керек болса қолдарында медициналық құжаттары бар болса, әрине, өткізіледі», – деді Қалалық ПД баспасөз хатшысы Салтанат ӘЗІРБЕК


Таңнан бері шаруаларын тастап үйлеріне ағылған жұрттың саны әлі де көп. Кейбіреулері шұғыл шаруамен қаладан шығып жатса, Алматыға асыққандар да аз емес.

БЛИЦ:

– Біз Ұзынағаштан келе жатырмыз.  Атамыз ауырып, тез арада қалаға жіберді. Сол бойынша қалаға көрінуге бара жатырмыз.

– Түнгі ауысымнан шықтық. Білмеймін енді кіргізбейтін шығар. Қалыңдар дейді Алматыда. Үйге бару керек қой бала-шаға, отбасы бар дегендей.

Естеріңізге салсақ, бүгіннен бастап Алматы шекарасына 27 бекет орнатылды. Бұл нысандар қалаға кіреберістер мен 10 магистральды көшеге қойылған. Онда 1000-нан аса полияция қызметкерлері, 400 әскерилер, дәрігерлер мен әкімшілік мамандары жұмыс істеп жатыр. Айта кету керек, 22 наурыздан бастап барлық әуе және теміржол қатынастары да  тоқтайды. Халықаралық рейстер де уақытша шектеледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир