Жетісу облысында трактор аударылып, бір адам қайтыс болды
дереккөзден
Тракторды 51 жастағы ер адам басқарған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жетісу облысында трактор аударылып, ауыл тұрғыны қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Жол-көлік оқиғасы 20 қазан күні Кербұлақ ауданы Шаған ауылында болған. Тракторды 51 жастағы ер адам басқарған. Ол Қонаев көшесінде рульге ие бола алмай, көліктің аударылып кетуіне жол берген. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Осы факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
21.11.2026 15:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
21.11.2026 09:09
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
21.11.2026 12:54