Маңғыстауда теңіз ортасына шығып кеткен 3 қыз құтқарылды

mangystaumedia.kz
mangystaumedia.kz
Іздестіру жұмыстары бір күн жүргізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда теңіз ортасына шығып кеткен 3 қыз құтқарылды. Үрмелі матрсқа отырған оларды жел ашық теңізге алып кеткен көрінеді. Құтқарушылар қыздарды жағалаудан 22 шақырым қашықтағы теңіз ортасынан тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іздестіру жұмыстары бір күн жүргізілді. Ол үшін Қазавиақұтқару тікұшағы да көмекке келген. Абырой болғанда бәрі дін аман. Қазір оларды ауруханаға жеткізіп, медициналық көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, қыздардың екеуі 17 де, біреуі 19 жаста. Жауаптылар Маңғыстау тұрғындары мен қонақтарына оқиғадан бір күн бұрын қатты жел болуы мүмкін деген смс-хабарлама жолданғанын айтты.

– Тыйым салынған аумақта суға түспеңіздер деген ескертпе смс-хабарлама жолданған. Қазір Маңғыстау аумағында шомылуға қауіпті 10 орын бар, алайда сөзімізге құлақ аспайтындар көп. Суға түскенде абай болыңыздар, – деді облыстық ТЖД басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да бүлдіршін балабақша терезесінен құлап кетті

Новости партнеров