Алматы облысындағы жантүргішерлік жол апатынан екі адам көз жұмды. Бірі 47 жастағы көлік жүргізушісі болса, бірі – 9 айлық нәресте, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Алматы – Бішкек тасжолының 57-шақырымында болған. Жеңіл көліктің 26 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып, ВАЗ-21063 көлігіне барып соқтығысқан. Соның салдарынан екі адам қайтыс болып, 3 адам ауыр жарақат алған. Олар дер кезінде Жамбыл аудандық ауруханасына жеткізілді.
«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 145-бабының, 4-бөілігімен іс қозғалды. Қазір тергеу жұмыстары жүрігізіліп жатыр. Жамбыл аудандық тұрғындарға жол ережесін сақтауға және жылдамды асырмауды сұраймыз», – деді Жамбыл аудандық полиция басқармасы бөлім бастығының орынбасары Жарқын Есжанов.
Жол ережесін бұзған жеңіл көлік жүргізушісі қазір Жамбыл аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Өңірлік полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, қазір ол бұлтартпау шарасымен қамауға алынған.