Тіксай өзені арнасынан асуға шақ тұр: Құтқару қызметі мен әкімдік қауіпсіздік шарасын күшейтті

Тіксай өзені арнасынан асуға шақ тұр: Құтқару қызметі мен әкімдік қауіпсіздік шарасын күшейтті
Тіксай өзені Думан шағын ауданының дәл ортасынан ағатындықтан қауіпті аймақ деп те саналады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Медеу ауданындағы Тіксай өзені арнасынан асуға шақ тұр. Қалалық құтқару қызметі мен жергілікті әкімдік апаттың алдын алу үшін барлық қауіпсіздік шарасын жасап жатыр. Қала ортасымен ағатын өзеннің тасуына не себеп болған? Almaty.tv тілшісі  Мерей Қанапиянов анықтап келді.

Күннің күрт жылынуынан еріген қар суы өзен арнасын дәл осылай басып тастаған. Ал тазалау жұмыстарының жүргізіліп жатқанына бүгін 3-күн екен. Мамандар болса ертеңгіге қалдырмай толықтай бітіреміз деп отыр.

Тіксай өзені Думан шағын ауданының дәл ортасынан ағатындықтан қауіпті аймақ деп те саналады. Сондықтан төтеншеліктер өзен арнасын толған қар мен мұзды тазалап әлек. Себебі қар еритін болса, іргедегі үйлердің ауласын су басу қаупі жоғары.

«Осы 2020 жылға осындай мұз кептелісі бірінші рет болып жатыр. Қыс мезгілінде мұндай жұмыстар әрқашанда біздің және әкімдіктің бақылауында болады», – деді қалалық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Бауыржан Исабаев.

Қазіргі таңда Тіксай өзенінің арнасын ұзарту мақсатында Талғар тас жолынан Рысқұлов даңғылына дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр екен. Аталған жоба 2021 жылы аяқталады, дейді.

«Тіксай өзенінің қиылысы мен солтүстік жақ шеті қисық орналасқан. Сол өзен арнасын түзеп және кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Бәрі аяқталған соң осындай қиындықтар оң шешімін табады деп ойлаймыз», – деді Медеу ауданы көріктендіру бөлімінің бас маманы Есбол Күребай.

Одан өзге Наурызбай және Алатау аудандары арқылы ағатын Қарғалы өзені де арнасынан тасып кеткен. Апаттың алдын алу үшін қазір ол жерлерде қалалық құтқару қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Ал тұрғылықты мекенжай маңынан өзен тасуын байқаған жағдайда 109 нөміріне хабарласуға болады.

Мерей қанапиянов, Сағынғали Мұңайтбасов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров