|
10.05.2021 | 18:56
5331

ШҚО-да Лесхоз кентіндегі 14 үй отқа оранды

Дала өртінің аумағы 310 гектарға жетті

ШҚО-да Лесхоз кентіндегі 14 үй отқа оранды

Шығыс Қазақстан облысындағы дала өртінің жалпы аумағы 310 гектарға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер орман шаруашылығында шыққан қызыл жалынның беті қайтар емес. Желдің салдарынан өрт Лесхоз кентінің 14 үйіне тарап кеткен.

«Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.Құтқарушылар Лихачев көшесінің 10 тұрғынын эвакуациялады. Өрт ошағында жеке құрамнан 100-ден астам адам мен 20 техника жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта жанып жатқан орман алаңы 310 гектарға жетіп отыр», – делінген хабарламада. Жалынды ауыздықтау үшін көмекке 2 тікұшақ келіп, 12 500 текше метр су төккен.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да құтқарушылардың дала өртімен күресіп жатқандығын хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир