Қытайдағы жер сілкінісі бүгін Алматыда да сезілді. Табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ, ахуал тұрақты. Десе де, елдің оңтүстік-шығыс өңірінде байқалған дүмпу туралы сұраққа «Алматы» телеарнасының студия қонағы ТЖМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының басшысы Бейімбет Әшіров жауап береді.
– Бейімбет мырза, аталған аймақтағы жер сілкінісінің қаупі қаншалықты өршіп тұр?
– Бүгінгі Қытай территориясында болған жер сілкінісі Алматыда сағат 7:44-те тіркелді. Жер сілкінісінің күші 6 магнитудамен, Алматыға жеткен дүмпуінің күші 2 балл деп айтсақ болады. Оны Алматының шығыс жағындағы тұрғындар сезді деп айтуға болады. Қытайда зардап шеккен адам саны көп.
Құдайға шүкір, елімізде жер сілкінісі болады деген болжам жоқ.
– Демек, қорқатын ештеңе жоқ дейсіз ғой?
– Бұл - ғылыми болжам. Сейсмологиялық болжам жағынан айтсақ, әлі жас ғылым. Біз жаңа технологияларды қолдана отырып және де ғылым саласын дамытамыз. Бірақ қазіргі кезде нақты болжам айта алмаймыз.