Базар қоймасынан шыққан өрттің себебі анықталып жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Қызыл жалын 3 сағаттың ішінде толық сөндірілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы көтерме сауда базарларының қоймасынан шыққан өрттің себебі әлі анықталып жатыр.  Оқиға кеше таңғы сағат 7:00 шамасында болған еді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызыл жалын 3 сағаттың ішінде толық сөндірілген. Төтеншеліктердің айтуынша, тілсіз жауды жоюға қоймадағы жүктердің көп болуы мен тығыз орналасуы кедергі келтіріпті. Алайда құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында көп кәсіпкердің тауары аман қалған. Өртті сөндіруге 30-дан астам техника мен 100 адам ат салысты.

– Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің күш пен құралдары Алмалы ауданы Райымбек даңғылы, 212/2 мекенжайы бойынша жіберілген болатын. Алғашқы өрт сөндіру қызметі келгенде үш жарым мың шаршы метр аумақты от алып жатқан. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Олардың негізгі міндеті – өртті тежеп, яғни жанында орналасқан қоймаларға жібермеу, – деді «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының қызметі» ММ бастығы Тілеуберді Мәмиев.    

Оқи отырыңыз: Үйінді астында қалды: Шымкентте күзет күшейтілді

Новости партнеров