Алматының Алмалы ауданында ереже бұзған 50 тамақтану орны жабылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жалпы заң бұзғанғандарға 400-ге жуық хаттама толтырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Almaty.tv тілшісі Жадыра Омаржан түнгі рейдке шығып, арнайы мамандармен Алмалы ауданында 30-дан астам нысанды тексерді. Оның он шақтысына түсіндірме жүргізіп, әкімшілік кодекстің 425-бабы негізінде 30 хаттама толтырды. 

Қоғамдық тамақтану орны рұқсат етілген уақыт аяқталса да, қызметтерін жайбарақат жалғастырған. Ал бұл нысанды мамандар осыған дейін де жазалаған. Тек олар тексерушілер келгенде ғана жабылуға асықты.
- Свет включите пожалуйста!
- Мы не можем мы закрываемся.
-У вас тут поситетели.
Ал бұл тамақтанатын орын баяғыда жабылдық дейді. Тек келушілердің кеткісі жоқ деп ақталды. Бірақ мұнда қараңғыға қарамастан халықтың өзі үйлеріне қайтпай отырған көрінеді.
-Можно меня не снимать
-Можно свет.
-Мы уже закрылись девушка.
-Люди сидят же. Мы не можем закрыть.
Ал мұнда жағдай тіпті қызық. Сырт көзге жарығы сөніп, жабық сияқты мекеменің ішінде келушілер көп болып шықты. Тек мамандардың келгенін естігенде алдарындағы асты тастай сала тым-тырақай қашып кетіпті. Бірі дәретхана ішіне жасырынса, бірі бос бөлмелерге кіріп алған. Бірақ шыдамдары таусылған келушілер кейін өздері шыға бастады.
-Там закрыто. Там работает сигнализация. Как возможно. 
-Тут люди ходят.
-Там поваров нету.
Айта кетейік, Алмалы ауданында 5-ші шілдеден бастап осы уақытқа дейін 2 мыңға жуық нысан тексерілді. Оның ішінде ереже сақтамаған 50 тамақтану орны жабылды. Жалпы заң бұзғанғандарға 400-ге жуық хаттама толтырылды. Олар дәріхана, турагенттік, дүкен ішінде бетпердесіз жүрген адамдарға және рұқсат етілмесе де іске кіріскен сән салондарына айыппұл салынды.

Новости партнеров