|
26.03.2020 | 18:54
3516

Қапшағайда көлік жарыстырғандар жауапқа тартылды

Қапшағай қалалық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жергілікті Instagram пабликтеріндегі жарияланымдарға талдау жасады

Қапшағайда көлік жарыстырғандар жауапқа тартылды polisia.kz

Алматы облысы Қапшағай қаласында жол бойында рұқсатсыз дрифт ұйымдастырған екі хайпер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қапшағай қалалық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жергілікті Instagram пабликтеріндегі жарияланымдарға талдау жасады. Олардың біріндегі бейнеде автожарыс бастамашылары бірінің жазылушыларды тарту мақсатында елімізде енгізілген төтенше жағдай режимін сақтау туралы ҚР Президентінің Жарлығын, сондай-ақ бірқатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандығы байқалады.

“Оқиға ағымдағы жылдың 24 наурызында сағат 23.30 шамасында Алматы-Қапшағай тас жолында “БМВ”маркалы екі автокөлік құралдарының қатысуымен орын алған. Көлік жүргізушілері өзара “темір тұлпарларымен” жарысқан. Қазіргі уақытта азаматтардың жеке тұлғалары анықталды, олар Қапшағай қаласының тұрғындары. Аталған дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы бірнеше хаттама толтырылды, атап айтқанда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) , 597-бабының 3-бөлігі (басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) бойынша”, – деп хабарлайды Қапшағай ҚПБ басшысы Манат Айтмуханбетов. Ұсталғандар “атақ қуған” жарыстарының қате болғанын мойындады. Әкімшілік іс жүргізу шешімін қабылдау үшін іс жүргізу жақын арада сотқа жіберілетін болады.

“Біздің міндетіміз – қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әсіресе елдегі ерекше және төтенше жағдай кезінде. Қазіргі уақытта біз барлық интернет ресурстарда орналастырылған барлық жарияланымдарға мұқият талдау жүргіземіз. Белгіленген талаптарға қайшы келетін барлық материалдар бойынша заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қолданылып жатыр”,- деп толықтырды Айтмуханбетов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир